Добавить
Уведомления

ШҚО-да «Таза Қазақстан» акциясы аясында екі ай ішінде 1400-ден астам құқық бұзушылық анықталды

ШҚО-да «Таза Қазақстан» акциясы аясында екі ай ішінде 1400-ден астам құқық бұзушылық анықталды 2024 жылдан бастап Қазақстанда іске асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, тазалықты сақтауға және елді мекендерді абаттандыру қағидаларын орындауға бағытталған. Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өңірде тұрақты негізде рейдтік және профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Ағымдағы жылдың басынан бергі екі ай ішінде полицейлер 1 400-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Атап айтқанда, аумақтарды абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 1 247 адам жауапкершілікке тартылып, ортақ пайдалану орындарын ластаудың 234 дерегі тіркелді. Құқық бұзушылықтардың бір бөлігі аумақтардың ластануын және абаттандыру ережелерінің сақталмауын жедел тіркеуге мүмкіндік беретін бейнебақылау жүйесі арқылы анықталды. Полиция департаменті өңір тұрғындарын абаттандыру қағидаларын сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және белгіленбеген орындарға қоқыс тастамауға шақырады. Қалалар мен ауылдардың тазалығын сақтау тек бірлескен күш-жігердің арқасында ғана мүмкін болмақ. #законипорядок Источник: https://instagram.com/p/DVyEBAUjKYM

12+
1 просмотр
4 часа назад

, чтобы оставлять комментарии