Добавить
Уведомления

🕌 🇰🇿 🌿🌷☘️ Қоянды жәрмеңкесі (1848—1930) 🌿🌷☘️ 🇰🇿 🕌

Қоянды жәрмеңкесі (1848—1930) — кезінде Орталық Қазақстанда өткізіліп отырған ең ірі маусымдық сауда орны болған. 1848 жылы Қарқаралы станицасынан 52 шақырым қашықтықтағы Қоянды деген жерде айырбас сауда орталығы ашылды. Алғашында оның аумағы 2 шаршы шақырым ғана еді. Кейіннен осындағы Талды даласы түгелдей қайнаған қызу сауда алаңына айналып кетті. Жәрмеңке ұзындығы 11 шақырым, ені 5 шақырым алып жатты. Талды өзенінің бойында орналасуының басты себебі, сатуға әкелінген малды уақытша жаюға жері құнарлы суы мол, шөбі шүйгін. Осы орайда, жәрмеңке комитеті сату малын жаюға 55 шақырым жер бөлген. 1848 жылы 15 мамырда Ялуторск көпесі Варнава Ботов өндіріс тауарларымен Қызылжарға мал айдап апара жатқан саудагерлердің алдынан шығып, сауда жасау мақсатында Тоқпақ тауларының баурайындағы үлкен жазыққа келіп қоныстанады. Жәрмеңкенің алғашқы саудасы ашық аспан астында және қазақы киіз үйлерде жасалса, 1871 жылдан бастап арнайы сауда балағандары салына бастаған. 1869 жылы Семей губерниясының әскери губернаторы Полторацкий мен Қарқаралы уезінің бастығы штаб-капитан Тихонов Қоянды сауда орнын жәрмеңке ретінде тануға бұйрық шығарып және осы кезден бастап бірде «Қарқаралы», бірде «Қоянды» деп аталып жүрген жәрмеңке «Ботов» атауына ие болады. 1869 жылы 12 қыркүйекте Батыс Сібір Бас басқармасының кеңесі Қоянды жерінде жыл сайын 15 маусымнан 15 шілдеге дейін жәрмеңке ұйымдастыруды бекіткен. 1928 жылы жәрмеңкеде «Халық үйі» жұмыс істеп, мұнда қазақша спектакльдер қойылған. Оқу залының есебінде 3300 адам болған. Патша өкіметіне саяси қарсылық ретінде 14 мың адам қол қойған атақты «Қарқаралы петициясы» осы жәрмеңкеде туған. 1869 жылы 12 қыркүйекте Батыс Сібір Бас басқармасының кеңесі Қоянды жерінде жыл сайын 15 маусымнан 15 шілдеге дейін жәрмеңке ұйымдастыруды бекітеді. Қоянды жәрмеңкесі жылдан жылға күшейе түседі. 1872 жылы Қояндыда жоспарсыз, жобасыз сауда орындарын көптеп салу қолға алынды. 1876 жылы он алты дүкен, 120 киіз үй болған. 1883 жылы бұлардың саны тиісінше 110-ға және 250-ге, ал 1890 жылы 247-ге және 1000-ға жеткен. 1889 жылы телеграф тартылып, 1894 жылы банк бөлімшесі ашылды. 1900 жылы 30 дүкен, 276 балаған, 707 киіз үй болады. Сауда нүктелері 55 шаршы шақырым жерді алып жатқан. Жәрмеңке қазақ даласының алғашқы сауда элитасын қалыптастырған. Жәрмеңкенің алғашқы саудасы қазақи киіз үйлерде жасалса, 1871 жылдан бастап арнайы сауда балағандары салына бастайды. Жәрмеңкедегі негізгі сауда — төрт түлік мал, оның ішінде қой саудасы негізгі роль атқарған. Сонымен қатар, жергілікті мал және мал өнімдеріне батыс Қытай, Моңғолия, Үндістан, Батыс Сібір, орталық Ресей саудагерлері өз жерінен қолданыстағы сауда бұйымдарын айырбасқа салған. Бұл Қоянды жәрмеңкесінің халықаралық маңызының зор болғандығын куәландыра алады. Жәрмеңкеде павлодарлық көпес Деровтың үлкен жеке дүкені ашылды. Қоянды пошта бекетінің ғимараты да, пошта-телеграф бөлімшесінің үйі де, мұсылмандардың намаз оқитын ғибадатханасы да осында орналасты. Қазақтар жәрмеңкеге қымызды ағыл-тегіл, көл-көсір етіп жеткізіп тұрды. Қымыз үлкен ыдыста - бес биенің сабасында сақталынды. Ресейдің қаржы министрлігі Қоянды жәрмеңкесінде Мемлекеттік банк бөлімшесінің ғимаратын салдырды. Сауда қатарларының аяқ жағында шенеуніктер орынын деп аталатын квартал орналасты. Онда Мемлекеттік банк бөлімшесін, пошта-телеграф кеңсесі салынды. Қарқаралы уезі бастығына, бітістіруші судьяға, мал дәрігерлерімен адам дәрігерлеріне, сондай-ақ полицияға орын берілді. Жәрмеңке тек сауда-саттық ісінде ғана емес, көршілес елдермен тұрақты экономикалық байланыс жасауда, халықтың өнері мен мәдениетін дамытуда аса маңызды орын алды. Оларды қалың қазақ қауымының бас қосатын, халық өнерін насихаттаудың орталығы болды. Арқа өңірінің небір тарландары жиылып, өнер сайысын ұйымдастырып, жәрмеңкені қыздыра түскен. Жалғыз өзіміздің жерден ғана емес әншілер, палуандар, цирк әртістері Қытай, Ресей, Жапониядан да келген. 1855—1862 жж. қазақтардың мал санының азайып кетуіне қарамастан 1869 жылы Қоянды жәрмеңкесінде саудаға түскен мал басы жарты миллионнан асып түскен. Осының өзі қазақ театрының осы жерден бастау алғандығын көрсететін дәлелдердің бірі. Әсіресе, «Қоянды жәрмеңкесі» кейін қазақ өнерінің шоқ жұлдыздары атанған Ә.Қашаубаев, Қ.Байжанов, Әбдінің Омары, Иса, Қажымұқан, Балуан шолақ, Иманжүсіп, Абай сияқты атақтыларды халыққа танытты. Мұнда біртуар талант иелері Майра, Әміре, Қали, Иса, Қажымұқан өнер көрсеткен. Бірінші дүниежүзілік соғыс Ботов жәрмеңкесіндегі сауда-саттықты айтарлықтай азайтты. Қазан төңкерісінен кейін Семей облыстық Кеңесінің атқару комитеті 1918 жылғы 13 мамырдағы қаулысымен жәрмеңкені Қоянды деп атап, оны Кеңес өкіметінің қарамағына беру және сауданы маусымның басынан, шілденің басына дейін жүргізу жөнінде шешім шығарды. Қазір мұнда бұрынғы «Қоянды» совхозынан бөлінген шаруа қожалықтары бар. Сөйтіп, Қоянды атты елеусіз жер атауы қазақ даласындағы алғашқы сауда-саттықпен тікелей байланысты тарихи атауға айналды.

12+
44 просмотра
2 года назад

, чтобы оставлять комментарии