Добавить
Уведомления

🕌 🇰🇿 Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» халықаралық жобасы Түркістан. 1-бөлім 🇰🇿 🕌

2026 жылы Димаш Құдайбергеннің Қытайдың Hunan Broadcasting System компаниясымен бірлесіп дайындаған халықаралық жобасы көрерменге жол тартпы. «Voice Beyond Horizon» атты музыкалық шоуға алты елден сегіз талантты әнші қатысады. Қазақстан намысын аталмыш жобада әнші, музыкалық театр және кино актері, вокалдық шеберлігі мен сахналық әсерлілікті үйлестіре білген өнер иесі Нұржас Садырбай қорғайды. Димаш пен Қытайдың Hunan телеарнасының бірлескен жобасы 2026 жылы әлемдік қауымдастыққа ұсынылады. Димаш Құдайберген орындаушы продюсері атанған «Voice Beyond Horizon» музыкалды реалити- шоуының алғашқы эпизоды экранға шыққан алғашқы күні-ақ көрермендерді жаулап, рейтинг көсбасшысы атанды. Dimashnews хабарлауынша, шоу тұсаукесері халқыаралық БАҚ арасында кең ауқымды резонанс тудырып, сонымен қатар Қазақстан мен Қытайдың орталық медиа тарапынан және серіктес платформалар жағынан қолдау тапты. Музыкалық бағдарламаның трансляциясын жүзеге асыратын Hunan TV телеарнасының есебі бойынша, Қытайдың CVB (China Audiovisual Big Data) аймақтық жерсеріктік телеарна желісі, CSM (China Media Research) ұлттық желісі және CSM71 қалалық желісі арасында бірінші орынға шығып, жоғарғы рейтинг көрсеткішін жаулап алған, сонымен қатар нақты уақыт режиміндегі KuYun және Huanwang аймақтық жерсеріктік телеарналар рейтінгінде бірінші орынды иеленді. «Voice Beyond Horizon» бағдарламасы орталық БАҚ және елшіліктердің бір уақытты жүргізген тікелей трансляция бағытындағы жол салушысы атанды, атап өтсек, Қазақстанның Қытайдағы елшілігі және China Daily газеті бағдарламаның алғашқы эпизодын бірлескен эфирде өткізді. Бағдарлама Қазақстан елшілігі және Қытайдың Малайзиядағы елшілігі сияқты ұлттық мекемелер және жетекші БАҚ тарапынан бірауызды мақұлданды. Сонымен қатар бағдарлама Audiovisual China, People’s Daily English Client, China Daily және ресми БАҚ атынан бірыңғай мақтауға ие болды», - делінген хабарламада. Бірнеше онлайн платформаларда және жаңа медиа аккаунттарында бір уақытты тікелей трансляция 102 миллион көрерменнің басын қосты.Тұсаукесер желіде 143-тен астам тренді тақырыптардың ауқымын қамтыды және желідегі танымалдылығы артуда. Жобаның бастаушысы Димаш Құдайбергеннің және алты елден келген сегіз әртістің әсерлі өнер көрсетуі әлемге Ұлы Жібек Жолының симфониясын тарту етті.

12+
38 просмотров
15 дней назад

, чтобы оставлять комментарии