Добавить
Уведомления

🕌 🇰🇿🌹💚🌹Қаймағы алынбаған - салт дәстүрін сақтаған Қытай Қазақтары 🌹💚🌹 🇰🇿 🕌

Қытай жағы таратып отырған мәлiметтерге сенсек, Қытай жерiнде бiр миллион бес жүз мыңға тарта қазақ тұрады. Бұл арада Қытайдағы әр жылғы мәлiметтерге сүйенсек, 1949 жылы, яғни коммунистiк Қытай қазақтарға өз үстемдiгiн жүргiзе бастаған кезеңде онда 443700 қазақ болған. Бұл сан әр жылы шамамен 20 мыңдық қарқынмен өсiп отырған. 1960 жылға келгенде қазақтардың саны 541600-ге жеткен. Осыдан екi жылдан кейiн, атап айтқанда 1962 жылға келгенде қазақтардың саны 487400-ге құлдыраған. Демек, екi жылдық туу санын қосқанда 100 мың адамның кемiгенi жасырын емес. Бұл 1962-жылғы ұлы көш және көштен кейiнгi қолдан жасалған аштықтың салдарынан екенi айдан анық. Осыдан кейiнгi жылдарғы өсу салыстырмасы кей жылы 20 мың, кей жылы 30 мыңдық қарқынмен артып отырған. Сөйтiп, 1990 жылға келгенде ондағы қазақтардың саны бiр миллион екi жүз мыңға жеткен. Бiр қызығы, осыдан кейiнгi мәлiметтер аса айқын емес. Әсiресе, 1995 жылдан 2007 жылға дейiнгi мезгiлдегi өсу салыстырмасы айқын көрсетiлмеген. Бiр миллион екi жүз мың халықтың әр жылғы өсу салыстырмасы бойынша қарасақ, 1990 жылдан 2007 жылға дейiнгi 17 жылда кемiнде 500 мың адам қосылады екен. Сонда Қытайда кем дегенде 1 миллион 700 мың қазақ тұрады деген сөз. Демек, бұл ресми емес деректердегi Қытайда екi миллион қазақ тұрады дегендi терiске шығармайды. ҚЫТАЙ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТIК ЖАҒДАЙЫ Қытай елiнiң қазақ секiлдi аз санды ұлттарға ұстанған саясатында автономия түзiмi бар. Ол мемлекеттiк заңдарға да енген. Iле, Алтай, Тарбағатай өңiрiн құрамына алған Iле қазақ автономиялы облысы атты әкiмшiлiк орган бар. Бұдан басқа Шынжаң жерiнде Мори қазақ автономиялы ауданы, Баркөл қазақ автономиялы ауданы, Шынжаңмен көршiлес Гансу өлкесi қарамағындағы Ақсай қазақ автономиялы ауданы бар. Шындыққа жүгiнер болсақ, автономия саясаты 1954 жылдан бастап атқарылып, 1980 жылдарға дейiн бiршама сақталғанымен қазiргi кезде ауыз жүзiнде ғана айтылады. Тiл, жазу, мектеп, университет жағдайында ешқандай автономиялық жоқ. Жергiлiктi үкiмет органдарыңда қазақтар бiрiншi бастық түрiнде тағайындалғанымен партия басшысы аталатын қызыл мөрдiң иесi барлық тiзгiн-шылбырды өз қолына алған. Мемлекеттiк құзырлы органдар түгелдей қытай тiлiнде құжат жазып, қытай тiлiнде жиналыс жүргiзедi. Қытайдағы қазақтардың қоныстанған жерлерi — Тәңiр тауының (Тянь-Шань) солтүстiгiндегi Еренқабырға, Алтай, Тарбағатай таулары, Iле өңiрi секiлдi аса көркем жерлер. Онда Iле, Ертiс өзендерi Қанас, Үлiңгiр, Сайрам көлдерi бар. Жалпы Қазақ жерi асқар таулармен асау өзендерден құралған көз сүрiндiретiн көркем аймақ. Мейлi Қытай жазбалары, мейлi басқа тарихшылардың жазба деректерiне үңiлгенде аталған жерлер ежелден қазақ ұлтын құраған ұлыстардың мекенi болған. Бiздiң заманымыздан бұрынғы I-II-Ш ғасырларда өмiр сүрген Сақтар, Үйсiндер, Ғұндар мекендеген осы байтақ далада бiр мезет Батыс Түрiктер, Түркештер, Қарлұқтар iлгерiндi-кейiндi хандықтар құрған. Хандықтар құрамындағы Қаңлы, Үйсiн, Алан, Дулат, Түркеш, Қарлұқ, Оғыз тайпалары, көне көк түрiктердi құраған Найман, Керей, Жалайыр, Қоңырат, Меркiт, Уақ тайпалары қазiргi Моңғолия жерiнен Iле, Ертiс өзендерi аралығына дейiнгi бай даланы мекен еткен. Тек Шыңғыс хан заманына келгенде тозғын күй кешумен бiрге бiртiндеп қазақ ұлтын қалыптастырған. Ендеше, Қытай қазақтары қоныстанған жерлер ежелден олардың атамекенi, қасиеттi күл төгерi екенi шын. Бүгiнгi бәз бiреулердiң айтқанындай ондағы қазақтар ешқандай "қашып" барғандар емес, зұлмат жылдардың қанды қасiретiнен шекара атанған қызыл сызықты олай-бұлай кесiп өтуiне себеп болған замана қылмысының құрбандары. Олай болса, бүгiнгi күнде ондағы қазақтардың сол сүйiктi мекенiн тастап, Отанына — қасиеттi қазақ шаңырағына көшуiне не себеп болды? Ең басты себеп, ұлттық мүдде мен әлгiнде айтқан автономия саясаты аяқасты етiлдi. Дiнiнен, тiлiнен айырылудың қатерiне ұшырады. Екiншi себеп, жан санының артуымен жердiң тарылуы.

12+
60 просмотров
2 года назад

, чтобы оставлять комментарии